«Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үгіт- насихат жұмысы бойынша куратор сағаты

Без рубрики
Бөлісу
27.01.2022 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 1 курс «Мейіргер ісі» 101 М-9/21 топ студенттерінің арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында үгіт- насихат жұмысы бойынша куратор сағаты өткізілді.
Тәрбиелік мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.
Үгіт- насихаттау:
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата- аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің- өз қолыңда.
Топ жетекшісі: «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Бахаева А. Д.