1-Наурыз «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Без рубрики
Бөлісу
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген 1-Наурыз «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құттықтаймыз❤
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым – қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.