2022 жылдың 07 сәуір жұлдызында «Денсаулық фестивалі» Ұлттық бағдарламасы аясында, «Сау бол – Жүз жаса!» ұранымен және «7 сәуір – Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні» аясында І курс студенттері арасында «Спорттық биден» дәстүрлі жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Жарысқа колледжіміздің 1 курс студенттері қатысты. Атап айтатын болсақ – 101 -126 топтар. Жарысқа 2 топ себепсіз қатыспады – 114 топ және 127 топ. Жалпы колледжіміздің 1 курстары арасында 360 студент қатысты.