«WORLDSKILLS JAMBYL – 2022»

Без рубрики
Бөлісу
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша
«WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті
​29.04.2022 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастыруымен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS JAMBYL – 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
WorldSkills чемпионаты – бұл бүкіл әлемдегі жастар үшін кәсіби шеберлік байқауы. Конкурсқа қатысушылар ұлттық және/немесе аймақтық/құрлықтық чемпионаттарда жетістікке жетіп, біліктілікке ие болады. Жарысқа жас маман жақында кірген немесе білікті кіргісі келетін жастардың дағдылары мен қабілеттеріне бағытталған.
Worldskills-дағдылардың құндылығын көрсетеді және бүкіл әлемде білікті мамандардың танылуын арттырады.
Бұл қозғалыстың мақсаты – кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және мамандық мәртебесін ілгерілету, көтеруге негізделген.​Миссия кәсіптік бағдарлау, кадрлар даярлау, сарапшылық қоғамдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық кәсіптер бойынша өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын кадрлармен қамтамасыз етуді қалыптастырудан тұрады.
​Чемпионатта «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК бітіруші топ студенттері Вердиева Р.М., Қырықбай Қ.А., және «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі студенттері Хожантаева Д.Р., Турсалиева А.Е.бақ сынасты.
Чемпионат тапсырмалары пациенттердің қажеттіліктерін имитациялауға негізделген манипуляциялар мен емдік-профилактикалық іс-шараларды орындауды талап етіп, төмендегі аймақтарда орындалды:
• № 1 аймақ- стационардағы күтім;
• №2 аймақ – күндізгі стационардағы күтім;
• №3 аймақ – үй жағдайындағы күтім.
Қатысушылардың тәжірибелік дағдыларын Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының бас мейіргерлері бағалады.
​Чемпионат нәжижесі бойынша 1 орынды «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК колледж студенті Қырықбай Қ.А., 2 орынды Вердиева Р.М., 3 орынды «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі» студенті Турсалиева А.Е иеленді.
​1 орын иеленген қатысушы Қырықбай Қ.А. «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2022» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алды.