Анатомия, физиология пәнінен, 213 ЕФ-9/20 тобымен, «Сыртқа шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы» тақырыбында сынамалы сабақ

Без рубрики
Бөлісу
13.05.2022 ж. № 2 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы А. А. Айтжанова Анатомия, физиология пәнінен, 213 ЕФ-9/20 тобымен, «Сыртқа шығару жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы» тақырыбында сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Сыртқа шығару мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметтерін түсіндіре отырып, интерактивті тақтаны қолданып, студенттердің ойлау қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Жоспары:
1️⃣Зат алмасу және оның маңызы.
2️⃣Сыртқа шығару ағзаларына жататын мүшелер және олардың маңызы.
3️⃣Бүйректің құрылысы мен атқаратын қызметі.
4️⃣Несептің түзілісі мен шығару физиологиясы.
5️⃣Нефронның құрылысы мен физиологиялық негізгі қызметі.
6️⃣Несепағардың құрылысы мен атқаратын қызметі.
7️⃣Қуықтың құрылысы мен атқаратын қызметі.
8️⃣Несеп жолының құрылысы мен атқаратын қызметі.