«Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!»

Без рубрики
Бөлісу

21.10.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, 25 қазан Республика күніне арналған, 301 топ студенттерінің қатысуымен, «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» тақырыбында бөлімішілік ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру. Республика күнінің маңызды күн екенін түсіндіру.
Жас ұрпақты Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз ұлтының тарихын сүюге, дамытуға, қорғауға тәрбиелеу. Болашаққа сеніммен қадам басуға, Отанына адал қызмет етуге баулу.
Өткізген оқытушы: Иманалиева Гаухар Жанатқызы