11.05.2017 ж. Салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында «Тараз «Болашақ» колледжінде «Халықтың денсаулығы – болашақтың кепілі» тақырыбында облыстық ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияға Жамбыл медициналық колледжінен фармацевтикалық пәндер оқытушылары Серкебаева А.К., Нурбаева Р.Т. қатысып, «Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ», «Дені сау ұрпақ болашақтың кепілі» тақырыбында ой-пікірлерін айтып, талқылап Алғыс хаттармен марапатталды. Колледжіміздің 310 топ «Мейірбике ісі» бөлімінің студенттері белсене қатысып, жас ұрпаққа салауатты өмір сүру жолдарын қалыптастыру пікірлерімен бөлісіп,ортаға салды. Әрдайым іс-шараларда белсенділік көрсеткіні және тәжірибелік көмек көрсетіп отырғандары үшін Жамбыл медициналық колледжінің басшылығын Алғыс хатпен марапаттады