30.11.2022ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Б» корпусындағы конференц залында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен » Оқуға құштар колледж – білім, шығармашылық, даму аумағы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті. Жамбыл облысы бойынша колледж кітапханашылары келіп, доклад оқылып, презентациялар көрсетілді. Екі корпустағы кітапханамыздың материалдық-техникалық базасы таныстырылды. ТжКББ басшысы Д.Есжанов алғыс хаттар мен сертификаттар табыстады. Мақсаты: техникалық жəне кəсіптік колледждер кітапханашыларының арасындағы тəжірибе алмасу.