02.12.2022ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Н.Е.Мұхамодиева «Мейіргер ісі» бөлімі, 207 М-09/21 топ студенттерімен «Мейіргер ісіндегі психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен «Медицина персоналының коммуникативтік құзыреттілігі. Қарым – қатынас жасау қағидалары, тәсілдері. Көшбасшылық.» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
– студенттерді әр түрлі жағдайларда науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым – қатынас орнатуына қажетті дағдыларды қалыптастыруға үйрету. Медицина қызметкерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамасы: аффилиация, эмоциалдық тұрақтылық, эмпатия, сензитивтілік, рефлексия туралы мәлімет беру. Көшбасшылық және оның теориялары туралы түсінік беру.
Тәрбиелік мақсаты:
– мейірімділікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, пәнге және болашақ мамандығын сүюге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау.
Әдістемелік мақсаты:
-интерактивті, смарт тақтаны тиімді пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын ашу арқылы студенттердің білім деңгейін арттыру.