«Ел тілегі ежелден- Тәуелсіздік»

Без рубрики
Бөлісу

№ 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері
циклдік әдістемелік комиссиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Ел тілегі ежелден- Тәуелсіздік» тақырыбында ЦӘК апталығы аясында колледж музейінде студенттерге арналған ашық есік өткізілді. Оқу мен тәжірибені, өткен мен бүгінгіні ұштастырып, оқу-тәрбие жұмысында оқытушыларға септігін тигізетін бірден бір көпір – ол музей. Музей колледж тарихын, оның ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет. Өткеннен қалған зор тарихи құндылықтарымыз жас медицина мамандары тәрбиесінің қайнар көзіне айналуы тиіс.
Ашық есіктің мақсаты:
1. Музей студенттерді колледж тарихына деген қызығушылық туғызып, бұрынғының естелігін сақтауға ұмтылдыру.
2. Студенттердің бойында Жамбыл жоғары медициналық колледжі өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз колледждерінің даму тарихы мен жетістіктері туралы танымдарын қалыптастыру және насихаттау.