«Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл» атты психологиялық апталық

Без рубрики
Бөлісу

2022 жылдың 19-шы желтоқсан күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, «Бақытты сырттан емес, жүрегіңнен таба біл» атты психологиялық апталық басталды. Акцияға 1-ші келген студент пен оқытушыға арнайы сыйлықтар берілді. Акцияға 301 топ, «Мейіргер ісі» бөлімінің студенті: Иса Махаббат, 117 ЕФ-9/22, 119ЕФ-9/22 топ студенттері өте белсенді ат салысты. Колледжге кірген қызметкер мен студенттерге «Көңілді конфеттер», «Сіздің бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?», «Тілек ағашы» ұйымдастырылды. Акцияға барлық колледждің студенттері, қызметкерлері жоғары деңгейде қатысты және бір-бірлеріне жақсы атмосфера сыйлай білді.