Жамбыл жоғары медициналық колледжі басшылығы Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласында «Халықаралық кәсіптік білім берудің заманауиы стандарттары. БАӘ тәжірибесі.» тақырыбында ақпан айының 5-11 аралығында халықаралық тағылымдамадан өтті.Тағылымдама барысында БАӘ медициналық білім беру ұйымдарының, университеттерінің жұмыстарымен танысты, кәсіптік білім беру және денсаулық сақтау жүйесімен тәжірибе алмасты, халықаралық ынтымақтастық аясында келіссөздер жүргізілді.