02.03.2023 ж. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК,
«Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігі IV курс студенттерінің арасындағы «Үздік фельдшер- 2023» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Сарыбекова Ж.Н. сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, сайысты ашып берді.
Сайыстың мақсаттары:
1. Болашақ фельдшердің құзыреттілігін дамыту, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге көмек көрсету.
2. Фельдшер жұмысында жоғары шеберлікті және кәсібилікті дәріптеу .
3. Медициналық және әлеуметтік күтім саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, осы саладағы жұмыс әдістерін жетілдіру және денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту.
Сайыстың әділ- қазылар алқасының төрайымы: «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы және мүшелері
Қоңырова Самиха Қоңырқызы- Тараз қаласының және Байзақ ауданының құрметті азаматшасы, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясынан Қызғараева Күлзахира Сапарқұлқызы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Абитаев Бекзат Асылбекұлы оперативтік бөлімінің меңгерушісі, Тойшыбаев Бақыт Қасымбекұлы аудандық бөлімшелерінің меңгерушісі, Мирсеитов Алихан Жүсипұлы аға дәрігер және Ережепов Бақытжан Абдибекович бас фельдшер қазылық жасады.
«Үздік фельдшер- 2023» кәсіби байқауының жеңімпазы Оман Аружан Ажмухаметқызы болды. Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттерінің кәсіподақ ұйымының атынан 10 000 теңге «Сертификаты» тапсырылды.
I орынға Абдалиева Аяулым Ардаққызы, ІІ орынға Қуанышбай Аяжан Ақсұңқарқызы,
ІІІ орынға Жолшыбек Нұрбек Русланұлы ие болды.
Сайысқа белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат» пен сыйлықтармен Ермек Ержас Ерболұлы мен Елемесов Ерік Серікбайұлы марапатталды.