«Үлгілі үйдің қыздары»

Без рубрики
Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Үлгілі үйдің қыздары» атты қыздар арасындағы сайысы өткізілді. Сайысымыздың басты мақсаты халқымыздың баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау. Қыздар бұл сайыста өз білімдерін ортаға салып тамаша өнер көрсетті.Сайысқа қатысқан қыздарымыз қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқанын тағы бір дәлелдеді.
Әділ қазылар алқасы сайысқа белсенді қатысқан сайыскерлерді марапаттады. Бас жүлде: «Үлгілі ару» 207М-9/21 Лесбек Айбибі
1 орын: 230 ЕА-11/21 Бешли-Оглы Жамиля
2 орын: 201М-9/21 Садуан Балауса
3 орын: 203М-9/21 Бақкелдиева Ақмөлдір
Осы іс-шараны ұйымдастырған «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Айдралиева А.С. және бөлім кураторы Тойланбаева Қ.А.