Кездесу

Бөлісу

12.04.2023ж. бағдарламада:
Жамбыл жоғары медициналық колледжіне еліміздің болашағы жалынды жастарымен кездесуге – спортсмен, жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның Паралимпиада құрамасының капитаны – Зульфия Раухатовна Габидуллина келді. Кездесуде спортшымен сұхбат жүргізіліп, студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Спорт шебері өзінің өмір жолы, спорттағы жетістіктері туралы студенттерге қызықты әңгімелерін баяндады.
Кездесудің мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорт адам денсаулығына пайдасы зор екенін түсіндіру. Қазақстанда спорт саласында үлкен жетістікке жеткен майталмандар туралы мағлұмат беру.