«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс»

Бөлісу

4.05.2023 жылы № 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦМК оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағыты бойынша «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-қауіпті көрініс» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті первенция басқармасының бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевич, Тәрбие жұмысының меңгерушісі Айдабосынова Ж.Н., Жамбыл жоғары медициналық колледжінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хатшысы Қырықбаева Б.А., 1 курс бөлім меңгерушісі: Калымбетова Ж.Б және 1 курс колледж студенттері қатысты.
Кездесудің мақсаты:
1. Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру;
2. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыра отырып, жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ержүректілікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке, намысқойлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.