«Қазақстан Республикасының ерлер денсаулығының қазіргі мәселелері мен өзекті шешімдері»

Без рубрики
Бөлісу

17.05.2023 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің үйірме жұмыстары бойынша
«Жаңа Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасының ерлер денсаулығының қазіргі мәселелері мен өзекті шешімдері» тақырыбында ғылыми шығармашылық конференциясы өтті.
Алғы сөз колледж директоры Сарыбекова Ж.Н берілді. Сарыбекова Жамиля Нургалиевна конференция қатысушыларына сәттілік жолдап, конференцияны ашып берді.
Пәндер бойынша 19 үйірме қатысты. Үйірме мүшелері дайындаған экспонаттарын,зерттеу жұмыстарын,қолданған әдістерін шеберлікпен мәлімдеме жасап, қорғап шықты. Конференцияға үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері үлкен дайындықпен келіп, зерттеу жобалары өзекті мәселелерді қамтыған. Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша үздік зерттеу жұмыстары дипломдармен, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
I-дәрежелі диплом «Инфекционист» үйірмесі, жетекшісі Блейменова.Б.Б
II-дәрежелі диплом «Адал жандар» үйірмесі, жетекшісі Тлеуова М.К
II-дәрежелі диплом «Эврика» үйірмесі, жетекшісі Тоқсанбаева Д.Н
III-дәрежелі диплом «Скальпель» үйірмесі, жетекшісі Даулетов А.М
III-дәрежелі диплом «Алтын құрсақ» үйірмесі, жетекшісі Қалданова Н.Б
III-дәрежелі диплом «Жас химик» үйірмесі, жетекшісі Султанаева А.Б.