«Орталық Азиядағы мейірбике ісі мен акушерия қызметін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер»

Бөлісу

Ташкент қаласында (Өзбекстан) 30 мамыр мен 1 маусым аралығында «Орталық Азиядағы мейірбике ісі мен акушерия қызметін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдер» атты халықаралық конференция өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің Мейірбике ісін дамыту департаментінің атынан Жолжанова Назира, сондай-ақ жоғары медициналық колледждердің басшылары Найля Рузденова, Жамиля Сарыбекова, Ғалымжан Әбішев, Серік Жансегіров қатысты.