AMANAT партиясы Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Жұмабек Ермұхаммед Нурмаханбетұлы, «Алау» БПҰ төрайымы Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызын 25-қазан-Республика күні Ұлттық мерекесіне орай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеевтің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Жұмабек Ермұхаммед Нурмаханбетұлы AMANAT партиясының жалпы жобаларымен таныстырып, атқарылған іс-шаралар туралы мағлұмат берді.