«Ғасырдың ғажап үш тірегі-МИФ!»

Без рубрики
Бөлісу

11.12.2023ж. «Ғасырдың ғажап үш тірегі-МИФ!» апталығының ашылу салтанаты өтті, оқытушылар арасында «Сиқырлы фигуралар» ойыны ойнатылды.
«Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» бөлімдерінің 1 курс орыс топтарына «Ғажайып МИФ» танымдық ойындары және 1 курс қазақ топтарына «IQ BATTLE-МИФ» интеллектуалды ойындар өткізілді.
1 орын «Диплом»-мен «Алгоритм» тобы, 2 орын «Диплом»-мен «Эврика» тобы, 3 орын «Диплом»-мен «ІТ-жастар» тобы және «Алғыс хат»-пен «Арифметика» және «Пифагор» топтары марапатталды.
Ойындар соңында оқытушылар мен студенттер сыйлықтарға ие болды.
Апталықтың мақсаты: Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып студенттердің білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.