«Қазақстандағы цифрландыру»

Без рубрики
Бөлісу

21.12.2023ж. №1«жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері»
ЦӘК оқытушысы Чинасилова Қ.О. информатика пәнінен, «Емдеу ісі» бөлімі 117ЕФ-9/23 топ студенттерімен «Қазақстандағы цифрландыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерге Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерімен таныстыру, түсіндіру. Студенттердің компьютерлік, ақпараттық сауаттылығын, цифрландыру процесіндегі білімдерін дамыту. Сабақта интерактивті тақта мен ноутбуктарды қолданды және әртүрлі платформаларда әдістерді пайдаланды. Сабақ қойылған мақсаттарына жетті.