«Өмірлік дағдылар»

Без рубрики
Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Психология және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша тәжиірбелік сабақтарында студенттерге медицина персоналының қызметінде кездесетін коммуникативтік үрдістер және дағдыларды кеңінен білу үшін сабаққа өңірімізге медицина саласында көптеген жылдар еңбегі сіңген жандармен кездесу ұйымдастырылады. Кездесу «Өмірлік дағдылар» атты ашық сұхбат алаңымен жүзеге асады. Сұхбат алаңының 7-желтоқсандағы қонағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бұрынғы директоры Қоңырова Самиха Қоңырқыз келіп, ашық алаңда сұхбат берді. Самиха Қоңырқыз студенттерге өмір жолында кездескен түрлі қызықта, қиын оқиғаларымен бөлісіп, болашақтарына тек жақсылықпен табыс тілеп, жан сырымен бөлісті. Сұхбатты пән оқытушысы К.Сүйінбекұлы жүргізді. Студиялық сабаққа колледждің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Л.Касеналиева және колледждің құқық бұзушылықтың аладын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Усенов және «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі З.Е.Сердалиева қатысты.