«Аяқ сүйектері»

Без рубрики
Бөлісу

20.02.2024 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №1 Жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Бердіш Н.Б. «Емдеу ісі» 216 ЕФ -9/22 тобымен, «Анатомия және физиология» пәнінен «Аяқ сүйектері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: студенттерге аяқ сүйектерінің бөлімдері, құрылысы және қызметі, аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің қаңқасы, аяқ ұшы сүйектері, байланысу ерекшелігі, тіректік қызметінің маңызы, жамбас өлшемдері мен жыныстық ерекшеліктері туралы теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибелік маңызын түсіндіру.