«Жүрек жылуы-жанға қуат» атты тренинг

Без рубрики
Бөлісу

14.02.2024. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2-курс студенттері арасында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы-жанға қуат» атты тренинг өтті. Тренинг барысында әлеуметтік педагог адамзаттың асылы болған, қазақтың маңдай алды ақыны Абай Құнанбайұлының «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тақырыбында студенттермен әңгіме жүргізілді. Онда Абай шығармаларының замануи қажеттіліктері турасында айтып түсіндірді. Тренингте студенттермен мейірімділік, мамандыққа деген сүйіспеншілік турасында және достық сезіммен, кәсіпте адал қызметкер болу керектігі түсіндірілді. Тренингте «Қолдағы хат», «Жүрек жылуын сыйлаймын» және тағы басқа ойындар студенттердің көңіл күйін көтерді. #Жамбыл_психологиялықайлық_2024