«Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар»

Без рубрики
Бөлісу

2024 жылдың 27 ақпан күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Б» ғимаратында Тараз қаласы мектептері оқушыларының қатысуымен «Кәсіптік бағдар- болашаққа бағдар» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнінің мақсаты: мектеп оқушыларына мамандық таңдау мүмкіндіктері мен бағыт – бағдарын беру.
Оқушыларға колледждің тарихы мен мамандықтары туралы мағлұмат берілді.
«Мен мамандықтар әлеміндемін» тақырыбымен оқушыларға колледж мамандықтары тәжірибе жүзінде таныстырылды.
«Жедел жәрдем аумағы» станциясы шұғыл жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек бойынша ақпарат берді.
Соңында оқушыларға таратпа қағаздар таратылды.
Жауапты: кәсіби бағдар беру маманы Артыкова Л.А.

https://www.instagram.com/reel/C4FFsenPRU6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==