«Жошы хан: Елдік пен бірлік мұраты»

Без рубрики
Бөлісу

06.03.2024 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Жошы билігінің 800 жылдық мерей тойының тұжырымдамасы бойынша тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Жошы хан: Елдік пен бірлік мұраты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Студенттер Жошы ханның ер жүректілігін, алған бетінен қайтпайтын қайсарлығын, әскери жорықтарын баяндады.
Мақсаты: Cтуденттерге қазақ мемлекетінің тарихындағы елдік маңызы зор Алтын Орданың атасы Жошы ханның тұлғасын асқақтату, Жошы ханның Ұлытауда ұлық ұлыстың тағына отырғанына 800 жыл толғандығы туралы мағлұматтармен таныстыру.
Жауапты оқытушы: Иманалиева Гаухар Жанатовна, «Мейіргер ісі» бөлімі, 209 топ студенттері.