5-мамыр Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай «Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» бөлімі II-курс студенттерінің қатысуымен «Таза қол – денсаулық тұтқасы!» ұранымен флешмоб ұйымдастырды.
Флешмоб мақсаты – қол тазалығының маңыздылығын ұғындыра отырып, дұрыс жуу әдісін көрсету.
Қол гигиенасын сақтау – медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмаудың оңтайлы тәсілі. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет, бірақ оны медициналық мамандар арасында сақтамау бүкіл әлемде проблема болып табылады.
Қолды өңдеу мәселесі бір адамның ғана проблемасы бола алмайды, оның қалауына қарамастан, ол отбасында, әріптестерінің арасында, сыныпта немесе балабақшадағы топта ауыр аурулардың (көбінесе жұқпалы) таралуына себепші болуы мүмкін. Сондықтан стандартты алдын-алу шараларын сақтау – инфекцияның алдын-алудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі болып саналады.
Қолыңызды тазалықта ұстап, деніңіз сау болсын! Есіңізде болсын, қолдың тазалығы – бұл сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі!
«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» . №3 арнайы пәндер «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушылары.
https://www.instagram.com/reel/C6iqH8oPZhY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==