“Жемқорлықсыз қоғам біздің қалауымыз!”

Без рубрики
Бөлісу

29.05.2024 жылы №1 әлеуметтік-экономикалық жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Кездесу қонақтары:
1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті первенция басқармасының бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевич.
2. “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының жетекшісі Жувандикова Назима Дәрменқызы.
Кездесуді Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна ашып берсе, 117 топтың студенті Сәндібай Үмітгүл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды. Қонақтарға сөз беріліп, студенттер көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Кездесу барысында колледждің «Жас қыран» жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымның төрағасы Әбдіқұл Нұрсағи Атымжанұлы мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубының белсенді мүшесі Қуандық Айкен клубтардың мақсат-міндеттері, атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Әрі қарай іс-шара соңында Смаил Бахтиярдың «Жемқорлық жетер біздің түбімізге!» атты төл туындысы көрермендер жүрегіне жетіп, ешкімді бей-жай қалдырмады. Студенттерге әртүрлі жағдаяттарды талдау мақсатында ситуациялық сұрақтар қойылып, олардың пікірлері тыңдалды.
Жауапты оқытушы: Даулетбекова А. Б.