«Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында 16. 08. 2024 жылы білім саласы қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өткізілді. Жасанды интеллект, цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен пайдаланатын үздік білім беру ұйымдарының көрмесінде «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Техникалық және кәсіптік білім беруде мамандарды дайындауда жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ләззат Тұрарқызы заманауи «Academix VR» симуляциялық тренажермен виртуальды кеңістікте тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, студенттердің білімін жетілдіру, бағалау және тексеру қалай жүргізілетінін таныстырып өтті. Жасанды интеллектті виртуалды қолданудың медицина саласындағы перспективаларын атап өтті және орта буын медицина мамандарын дайындауда қателікке жол бермеу, науқасқа зиян келтірмеу, клиникалық ауыр жағдайларда тез шешім қабылдау, коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және т.б. мүмкіндіктеріне тоқталып кетті.