«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өтілді.

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 02.09. 2024 жылы 213ЕФ-9/23 топ «Емдеу ісі» бөлімінің студенттерімен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағаттың мақсаты: жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, еліміздің рәміздерін құрметтеуге, бай және күшті ел үшін мақтанышқа, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Студенттерді білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа ұмтылуына бағыттау. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.

Жауапты куратор: Ташмаханбетова Алия Серпековна