«Әділетті Қазақстан: зан мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

Бөлісу

04.09.2024 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: зан мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм » атты Жолдауын насихаттау мақсатында Облыстық жастар ресурстық орталығынан келген қонақтар: Әбуғали Е.Р, Кадралиев А.А, Байпақ Д.Қ. және тарих пәнінің оқытушысы Иманалиева Г.Ж. студенттермен насихат жұмысын жүргізді. Жолдауды талқылау мақсаты: Еліміздегі өзгерістер өркендеу мен жаһандауға әкелетінін, соның ішінде ұлт болашағын тәрбиелеп отырғандықтан, жолдаудағы білім, медицина саласына қатысты көптеген реформаларды іске асуына атсалысу. Көтерілген мәселелер бойынша студенттер өз ойларын ортаға салып, қызу пікір алмасу өтті.