«Адалдық сағаты»

Бөлісу

12.09.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді күшейту , сауаттылықты арттыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде өтетін «Адалдық сағаты» акция аясында колледж ұжымымен және 1,2 курс студентерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Бақтыхожаев Ербол Жұмақадырұлы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шаралармен таныстырды.