«Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Без рубрики
Бөлісу

2024 ж. 16 қыркүйек күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Балауса» қыздар клубы мен Жастар денсаулық орталығымен бірлесе отырып, «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Сөз кезегін А.Н.Оскенбаева сөз алып, қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін түсіндірді. Қыздар тәрбиесіне арналған кеңестер берілді. Келесі сөз кезегі ЖДО мамандарына берілді. ЖДО психологы: А.Т Жаркинбаева, орталықтың қызметі мен  мақсатын түсіндірді және қыздарға психологиялық кеңестер берілді, ЖДО гинекологы: А.Б.Рүстембекова, қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің зияны мен алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қорытынды сөзді Н.Е.Мұхамодиева сөз алып, қыз баланың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екені және қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа болу деп сөзін қорытындады.