«Есірткіге жол жоқ!»

Бөлісу

25.09.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында 3,4 курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге келген мамандар:
1.Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы.
2.Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ директор орынбасары Каленова Ұлжан Медербекқызы.
Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі таңда синтетикалық есірткіні заңсыз жарнамалау белең алғандығы атап өтілді. Графикалық сурет арқылы және қазіргі өзге де жолдармен нашақорлық пен есірткіні заңсыз жарнамалау, сонымен қатар пайдалануға заңмен қарсы күрес жолдары, жазалану түрлері түсіндірілді.
Жауапты: «Наркобекет» жетекшісі- Реймбаева С.М.

https://www.instagram.com/reel/DAVp0yDsNd0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==