14.11.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде психологиялық қызметтің бастауымен студенттерді қолайсыз жағдайларда қолдау мақсатында колледжің 1-ші қабатында орналасқан «Адалдық алаңында», «Әр мәселенің – өз шешеімі БАР!» атты психологиялық бұрыштың ашылғанын хабарлайды. Бұл жерде студенттер хат жазып, сенім жәшігіне салады, QR кодты сканерлеу арқылы студенттер өздерінің қорқу, үрей, қысым т.б. жағдайларын жазады, түскен хабарламалар зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Келіп түскен өтініштер тек психологтар және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Ж.Н.Айдабосыноваға түседі, тиесілі. Келіп түскен өтініштер жан-жақты сарапталып, оң шешімі шығарылады. Ең бастысы түскен хабарламалар анонимды болады. Барлық колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жауаптылар: колледж психологтары.