Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік педагог студенттерге тұлғаның өзін-өзі анықтауына, олардың әлеуметтік және мәдени-рухани қалыптасуы, өзін-өзі дамытуға жағдай жасауына, және де мемлекеттік тапсырыспен білім алатын студенттерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау: шәкіртақы көлемі, ыстық тамақпен қамту, колледж тарапынан берілетін жеңілдік, қолдаулар туралы түсіндірді. Сонымен қатар студенттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуын көздеген колледждің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып, талқыланды.
Жауапты: әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А.