Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйі базасындағы «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубы жобасының аясында, Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен оның қолданылу аясын кеңейту бағытындағы белсенді еңбегі үшін алғыс хатпен Буксукбаева Айман Анарбековна марапатталса, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытындағы Достық үйі жанынан құрылған «Мәміле» қазақ тілі клубының пікірталас алаңына белсенді қатысқаны үшін 221 топ «Емдеу ісі» студенті Искандеров Нурсултан Рустамович, 328 топ «Емдеу ісі» студенттері Мамучева Севин Османовна, Мирзабаева Розали Ровшановна сертификатпен, сыйлықпен иеленді.