3.12.2024 ж. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 1 желтоқсан- Халықаралық ЖИТС пен күресу күніне орай, «ЖИТС және нашақорлық бір-бірімен тығыз байланысты» тақырыбында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог Досымова Индира Мумархановнамен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: 1 Желтоқсан-Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне орай, ЖИТС
ауруларының таралу жолдары және оның алдын алу мен күресу тәсілдерін айта отырып, студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, медициналық білімдерін шыңдау арқылы салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жауапты №2 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері» ЦӘК мүшесі Султанаева А.Б.