Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне
33 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – ең басты игілік, баға жетпес құндылық» тақырыбында кездесу өтті. Тәуелсіз Еліміздің тарихын айтуға арнайы қонағымыз М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы шақыртылды. Ермекбай Қойбекұлы кездесуде көтеген тың мәліметтермен бөлісті. Кездесу соңында студент жастар сұрақтарын койып, Ғылым ағамыз студенттердің сұрақтарына ауқымды жауап қайтарды.
Кездесу мақсаты: Студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, Қазақстан халқының 33 жылда жеткен жетістіктері, бағындырған белестері, алған асулары туралы ой қозғау.
Жауаты: Жантохова Г.Н. және «Мейіргер ісі» 205 топ студенттері.