10.12.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1 курс «Емдеу ісі» 125 ЕФ-9/24 топ студенттерімен кураторы: Адайханова А.Ш «Тұщы су қорын сақтау, табиғатты аялау» тақырыбында дөңгел үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тұщы су ресурстарын тиімді пайдалану және сақтау, экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін қоғамның әр түрлі салаларында бірлескен әрекет ету қажеттілігін талқылау. Сонымен қатар, табиғатты қорғау мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру, су қорларын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру және осы саладағы инновациялық шешімдер мен шараларды қарастыру.