Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №2 жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен 10.12.2024 жылы «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевич қатысты.
Өз баяндамасында ол сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен салдары, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы айтып, жастар үшін адалдық, әділдік, парасаттылық және патриотизм сезімдерінің маңыздылығын атап өтті.