26.12.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің № 1 Жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы
А.А.Аманбекова «Мейіргер ісі» бөлімінің 202М-09/23 тобымен «Генетикамен медициналық биология» пәнінен «Медициналық генетика негіздері. Гендік және хромосомалық аурулар» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге медициналық генетиканың негіздерін, гендік және хромосомалық аурулардың түрлерін, олардың пайда болу себептерін, клиникалық белгілерін және диагностикасын түсіндіру.