«Қысқы спартакиада»

Бөлісу

29.01.2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан халқына жолдаған жолдауында көрсеткендей бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың  қолжетімділігін арттыру мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Қысқы спартакиада» өткізілді.

Эстафеталық ойындар:

  • «Баскетбол »
  • «Сегізаяқ»
  • «Шығыршық»
  • «Кіші футбол»

Спартакиадаға «Алтын адам», «Бауырсақ», «Жалын», «Бурундуки»,  «Алға, чемпион», «Жеңіс жалыны» , «Сұңқар» командалары қатысты.

Ойын түрлерінен  І-ІІ-ІІІ орын жеңіп алған командалар және команда мүшелері Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұсынған мақтау қағаздарымен,  кубогімен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жалпы командалық есепте:

І- орын «Бурундуки»

ІІ- орын «Бауырсақ»

ІІІ – орын «Алтын адам» командасы иеленді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жарыс соңында түскі ас берілді.