13.02.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша Ұшқыр ой алаңы жобасы аясында «Сен және Заң» тақырыбында студенттер арасында пікір алмасу өтті. Пікір алмасу барысында «өз құқығымызды білеміз бе?» және «тәртіп бұзушылық- заң бұзуға апарар жол» тақырыптары бойынша 2 тарап өз пікірлерін айтып, қорғап шықты. Студенттер өз белсенділіктерін көрсетіп, тақырыпқа сай жақсы ой бөлісті. Жауапты: колледж психологтары.