19.02.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №1 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы оқутушысы Б.А. Нышанова «Пациент жағдайын клиникалық бағалау» пәнінен 141 ҚБ -11/24 тобымен «Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Мейіргер үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметі бұзылуының клиникалық белгілерімен таныстырып, түсіндіру. Зәр шығару ағзалары ауруларын жалпы қарау және жағдайын бағалау, пальпациясы мен перкуссиясын жүргізуді үйрету. Бүйрек пен зәр шығару мүшелерін зерттеудегі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін жүргізуді үйрету. Студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіру. Физикалық процесті ұйымдастыру туралы теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибелік маңызын түсіндіру.