2025 жылдың 17 ақпанында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен «Этика және деонтология» тақырыбында семинар өтті. Семинарда №1 жалпы-кәсіптік пәндер циклдік-әдістемелік комиссия төрайымы, «Анатомия және физиология» пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Назар Динара Қыстаубайқызы баяндама жасап, этика және деонтологияның маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің этика туралы білімін дамыту. Семинарға 57 қызметкер қатысып, спикерге сұрақ қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Семинар пікірталас түрінде өтті.
Мамандар бөлімінің меңгерушісі Арғынбекова Т.Т.