«Зорлық-зомбылықсыз әлем»

Бөлісу

 

05.03.2025 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылық бағыты бойынша Тараз қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға УПИ полиция капитаны Шаңғарбаева Сәния Нұрланқызы және «Отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау» бөлімшесінің полиция капитаны Уразалиева Меруерт Есенбекқызы келіп «Зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын-алу, зорлық-зомбылықтан қорғану, сонымен қатар түнгі мезгілдегі жүріс, ерте жүктіліктің алдын-алу, кибербуллингтің зардабы туралы кеңес беріліп, бейнефильмдер көрсетілді.

Жауапты: Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Усенов, әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А.