Диплом тапсыру – бұл студенттердің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар перспективалар мен мүмкіндіктерге толы жаңа кезеңнің басталуы!
28.02.2025 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі түлектеріне «Жолын болсын жас маман» атты диплом тапсыру рәсімі өтті.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша өзінің үлгілі тәртібі мен оқуда озат болғаны үшін қызыл диплом иегерлеріне «Оқу озаты» медалі, топ старосталарына Алғыс хаттар және 50 түлекке«Үздік» дипломы, 74 түлекке «Үздіксіз» диплом тапсырылды. Сондай-ақ, әрбір білім беру мекемелерінің үлкен жетістікке жетуіне себепші болатын жанашыр, қамқор ата-аналарға колледж директоры Сарыбекова Ж. Н. алғыс хаттары берілді.
Дипломды салтанатты тапсыруына колледждің әлеуміттік серіктесі
“Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативті-диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Мурзакасымов Х.С. қатысып түлектерге сәттілік тілей отыра, өзіде медицинадағы жолын колледж студенті болып бастағанын атап өтті.
Құрметті түлектер! Сіздерді өміріңіздің маңызды кезеңі — колледжді бітіргеніңізбен құттықтаймыз! Бұл сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтатын және болашаққа батыл қарайтын уақыт.
Сіздерге тілеріміз: әрбір жаңа қадамыңыз сенімді және саналы болсын, мұнымен тоқтамаңыздар! Жаңа мүмкіндіктерді іздеңіздер, дамыңыз, армандаудан және алдыңызға өршіл мақсаттар қоюдан қорықпаңыздар. Ең бастысы адамдармен қарым — қатынас екенін ұмытпаңыздар, мейірімді, жанашыр болыңыздар.