«Бірлік бар жерде – тірлік бар»

Бөлісу

13.03.2025 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында  Қазақстандағы түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген татулығын, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазақстан халықтар Ассамблеясы» мүшелерімен және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен  мотивациялық кездесу өтті.

Кездесу қонақтары: Юнусов Идрис Месизович – «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары және Досыбиева Валентина Николаевна – Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этномедиация кабинетінің меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

 

Жауапты: әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А.