«Үздік мейіргер – 2025»

Бөлісу

 

14.03.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай №3 арнайы пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша IV-курс студенттерінің арасында «Үздік мейіргер – 2025» қалалық  кәсіби  байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: байқауға қатысушы студенттердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби ұтқырлығын арттыру, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдылардың  мамандығына сай құзыреттілікті қалыптастырып, кәсіби жұмыс істеуге дайындау,  зияткерлік танымпаздығын және біліктілігін  ашу.

 «Үздік мейіргер – 2025» қалалық кәсіби  байқауының қатысушылары:

1.«Тараз-Болашақ  жоғары медициналық колледжі

2.«ALEM» кәсіби білім беру колледжі

  1. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК.

«Үздік мейіргер-2025» қалалық кәсіби байқауының әділ-қазылар алқасының төрайымы:

  1. Бокушева Ляйля Туребаевна- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының» ШЖҚ МКК бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Мейіргер ісі жөніндегі үйлестірушісі.

Әділ-қазы алқасының  мүшелері:

1.Сембекова Бибигуль Досаевна- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерінің» ШЖҚ МКК бас мейіргері.

  1. Аманбекова Мира Турекуловна- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№2 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас мейіргері
  2. Көпжасарова Марфуға Қалдасбековна – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық көпбейінді  ауруханасы»   ШЖҚ МКК бас мейіргері.

4.Маматаева Лаура Сабитовна-Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» ЖШС инфекциялық бақылау мейіргері

5. Жумашова Гульмира Илесовна – Жамбыл облыстық «Садыхан кеңес беру диагностикалық медициналық орталық» ЖШС бас мейіргері.

6. Майпасова Айнагуль Садыковна – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№6 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК педиатрия бөлімінің аға мейіргері

7. Махамбетова Анар Ахметбекқызы-«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КМК бас мейіргері.

Байқау 4 кезеңде өтті:

I- кезең. Тест-бақылау Теориялық білім деңгейін бағалау.

II- кезең. Үй тапсырмасы: «Жаңа Қазақстанның болашақ мейіргері: «Өткенді бағалаймыз, бүгінмен мақтанамыз, болашақты жасаймыз». Таныстыру.

III – кезең. «Тәжірибе аймағы»

«Болашақ мамандығымның өмірдегі көріністері»

Болашақ  Тәжірибелік  дағдылардың  орындалуын бағалау.

IV – кезең. «Жетістікке қадамдар».

Шұғыл жағдайларда алғашқы  көмек көрсету.

Байқауға қатысушылар клиникалық станцияларда  шұғыл көмек көрсету дағдыларын орындады.

Байқаудың салтанатты ашылуында «Жамбыл жоғары медициналық колледж» ШЖҚ КМК директоры Ж.Н. Сарыбекова сөз сөйлеп , қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Бас жүлде- Лесбек Айбибі Сейітханқызы-«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК.
  2. I –орын иегері-Қайратқызы Нұрсауле «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК.
  3. II-орын иегері – Айдаралиева Сабина Ерболовна-«ALEM» кәсіби білім беру колледжі
  4. III- орын иегері – Ақбердиева Сабина Сагинбековна-«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК.

Байқауға қатысқан  қатысушылар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен, жетекшілері  Алғыс хатпен  марапатталды.